12
май
2022
Республикалық референдум
Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін референдум өткізуді ұсынуы, халық қамы үшін жасалатыны анық. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетіп, жандандыру жолында Президент жаңажан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырғаны әрбір жүрекке сенім ұялатады. Бұл референдум мемлекеттік маңызы бар мәселені Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру- Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндеті екенін баса айтып, саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды-әлеуметтік экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес екендігінде баса айтып өткені де халықтың қамы екенін көрсеткендей. Ата заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап беретіні сөзсіз. Сондықтан мен президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймын. Отаншылдық рухы жоғары ұлт алдына қойған барлық мақсаттарына жетеді демекші барша қазақстандықтарды, еліміздің болашағы үшін үлкен тарихи жаңа бетбұрысқа бастайтын өте маңызды іске, халық үніне құлақ асуға бағытталған халықтық референдумға белсене қатысып, өз қолдауымызды білдірейік!
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Бекзат Макеновна.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Бекзат Макеновна.
