Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын педагогикалық ұжыммен талдады. » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын педагогикалық ұжыммен талдады.
03
сентябрь
2021

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын педагогикалық ұжыммен талдады.

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын педагогикалық ұжыммен талдады. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Жаңа Жолдауда білім-ғылым саласы бойынша да көптеген өзекті мәселелер көтерілгені туралы мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов айтып өтті. Білім саласына қатысты сөйлеген сөзінде Президент «Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз», – деді. 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін айтып, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары одан тыс қалғанын ерекше атап өтті. Елімізде білім саласына, оның ішінде 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын өсіруге бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп келе жатыр. Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай – педагогтардың біліктілігін арттыруға байланысты. Бұл өзекті мәселе. “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы талқыланған кезде ұстаздар мен Салалық кәсіподақ біліктілікті арттырудың мерзімін қысқарту туралы мәселе көтерген болатын. Енді, міне, Президент Жолдауында осыған назар аударылып, ұстаздардың біліктілігін арттыруды бес жылда емес, 3 жылда бір рет ақысыз негізде қолға алуды жүктеді. Білікті ұстаз білімді ұрпақ тәрбиелейтінін ескерсек, бұл бастама да заман талабына сай жасалған игі қадамдардың бірі дер едім. Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асып, әлеуметтің әлеуетін арттыру жолындағы жақсы бастамалар жалғасын таба берсін.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив