«Жүрекжарды жырлар үшін мың алғыс» атты мектеп түлектерімен кездесу » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жүрекжарды жырлар үшін мың алғыс» атты мектеп түлектерімен кездесу
21
апрель
2022

«Жүрекжарды жырлар үшін мың алғыс» атты мектеп түлектерімен кездесу

   Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мектебімізде «2022- Балалар жылы» мерекесіне орай «Жүрекжарды жырлар үшін мың алғыс» атты мектеп түлектерімен кездесу өтті. Кездесуге ауданымыздың танымал әншісі- Байділда Ерсін Серікұлы, №2 балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының жетекшісі- Аманқос Амантай Жұлдызбайұлы және мектебіміздің педагогы- Раймаханова Сандуғаш Мұратқызы және 10 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесу өте әсерлі болды. Онда Ерсін Байділда отбасының жетістігі биылғы жылы КТК теледидар арнасындағы «Озат отбасы-2022» байқауының «Бас жүлде» иегері атанғанын айтып, жастармен бөлісіп, мектептегі қызық оқиғаларын баяндады. Сонымен қатар «Бара алмадым қасыңа, бара алмадым» әнін, Аманқос Амантай жастардың сұрақтарына жауап бере отырып, мектептегі ұстаздарына алғыс ретінде «Ұстазым» әнін тарту етті және күмбірлеткен қос ішекті домбырамен «Ауылға сағыныш» әнін тамылжыта орындады. Мектебіміздің дарынды оқушысы- Пернебай Бекарыс пен Раймаханова Сандуғаштың да «Бір болайық» әні көпшіліктің көңілінен шықты. Келген қонақтарға өнерлі оқушыларымыз әсем әндерін тарту етіп, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ризашылық білдірді. Кездесу соңында келген мектеп түлектеріне сый-сыяпат беріліп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Бекзат Абдуалиева ыстық ықыласы мен лебізін білдірді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/Ccrh_-bq2p3/?utm_source=ig_web_copy_link 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив