28
апрель
2022
"Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» атты сынып сағаттары
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» атты сынып сағаттары өтті. Татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі қазақ елінің жетістіктерін 1-11 сынып жетекшілері оқушыларға көрсете отырып, «Бақ қайда барасың − ынтымаққа барамын» деген дана сөзін ұстанып, бәріміздің басты арманымыз − берекелі-баянды, тату-тәтті өмір сүру екенін түсіндіре білді. Бірлік пен татулық, тыныштық пен бейбітшілік күнінде мектеп оқушылары әр ұлттың әні мен биіне, өнеріне қанық болып, ұлттық билерді нақышына келтіріп биледі. Бейбіт елдің аспанында ән айтылып, күй тартылды. Ең бастысы, көпшілік еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілек етіп, бір-біріне ізгі ниеттерін білдірді.
ДТЖО: Абдуалиева Б.М.
ДТЖО: Абдуалиева Б.М.

