17
май
2021
Мектеп психологтары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау-мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.Мамандық таңдап алу дегеніміз-өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес,ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты,яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптарына кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері ,мектептегі үлгерімі,денсаулығы,мінез ерекшеліктері,ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі.Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де,өзі үшін де тиімді.9 сынып білім алушыларымен мектеп психологтары кәсіптік білім беретін колледждер туралы,мамандықтар туралы ақпараттар беріп кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
