23
май
2024
5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттау аяқталды.
Мектебімізде 23 мамыр 2024 жылы білім алушыларды «Қазақ тілі» және қазақ тілді емес сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттау аяқталды.
Емтихан барысында білім алушылардың «Қазақ тілі» оқу пәнінен оқылым, жазылым, әдеби тіл нормаларын сақтау , «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым, тілдік бағдар материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлері бағаланды. Бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында бағалау критерийлері басшылыққа алынды: «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылғандығы тексерілді. Оқу пәндері бойынша әр білім алушыға рубрика толтырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.