Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезектен тыс отырысы болып өтті. » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезектен тыс отырысы болып өтті.
17
ноябрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезектен тыс отырысы болып өтті.

Мектебімізде 2023 жылдың 17 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезектен тыс отырысы болып өтті. Күн тәртібінде «Білім  алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау  бойынша әдістемелік ұсынымы» қаралды. ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. білім  алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім екендігіне тоқталды: 
1.Аралық  аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС)  талаптарына сәйкес бағалау.
2.Аралық  аттестаттаудың  міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей  материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
1.    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;2.    «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;3.    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;4.    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының  1-қосымшасы. 3.  Емтиханды өткізу тілі.
Емтихан қазақ тілінде өтеді.
            Сондай-ақ, ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. пән мұғалімдерін үлгілік оқу бағдарламасымен байланысымен, емтихан мазмұнымен, аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасымен, эсседегі тапсырмалардың қиындығымен, білімді тексеру тапсырмасының формасымен, білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақытымен, білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалаумен, аралық аттестаттау   тапсырмаларының үлгілерімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті және алдағы уақыттарда осы бағытта жұмысты жандандыруды пән мұғалімдеріне жүктеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив