09
июнь
2023
9"Г"сынып білім алушыларының міндетті қорытынды аттестаттауы өткізілді
2023 жылдың 09 маусым күні мектебімізде “Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау,аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша 9"Г"сынып білім алушыларының міндетті қорытынды аттестаттауы өткізілді.Міндетті қорытынды аттестаттауға 9”Г” сыныбынан 24 білім алушы жіберілді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша нысанында жазбаша емтихан (тестілеу) жұмысы 2 астрономиялық сағатта орындалды.Жазбаша емтихан 1,2,3-тапсырмасы , коммуникативтік құзырлық және тілдік құзырлық бойынша балл қою кестесіне сәйкес тексерілді: 9 сыныптарда пән бойынша қорытынды аттестаттау өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға балдарды және емтихан бағаларын қойды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізді. 9 сынып білім алушыларының пән бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға(қағаз/электрондық) қойылды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ:Бейсебаев Ф.И

