26
февраль
2024
“Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны” тақырыбында сабақ өткізілді
Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалім Ғ. Сарсебаеваның ұйымдастыруымен 1-4сыныптың ата-аналарына “Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері, интернетті пайдалану режимін сақтау, баланы ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болатыны туралы мақсаттарды қарастырды. Қоғамдағы басты мәселе ретінде онлайн- ойындардың балаларымыздың дамуы мен денсаулығына қалай әсер ететіні және алдын ала көмектесу жолдары туралы ойларын ортаға салып, жаднама таратылды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C31o8g3ti1H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C31o8g3ti1H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
