АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ САБАҒЫ » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ САБАҒЫ
26
январь
2024

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ САБАҒЫ

  Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 2024 жылдың 26 қаңтар күні Г.Джиенкулова мен А.Кананбаеваның ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББ мектебінде “Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы” тақырыбында ата-аналармен тренинг-сабақ өтті.
Мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Шара барысында аудиторияға келген ата-аналарды жүргізушілер «Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы» айлығына орай «Көңілді амандасу» жаттығуымен қарсы алып, топтарға бөлді. Бұл шараға сонымен қатар мектебіміздің белсенді «Әжелер» тобы да келіп, «Дедімай-ау», «Әгугай» әндерін тарту етті. Тақырыпқа байланысты отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі, оқушылардағы тәуелділік белгілері, тәуелділікпен күресу жолдары, оқушылардың “қауіпті аймаққа” түсу себептері, тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шаралары тақырыптары қозғалып, ата-аналармен «Австралиялық жауын» ширату жаттығуы жасалып, бейнеролик көрсетілді. “Сөз-адамның айнасы” дегендей күнделікті өмірдегі сөздің алар орны, сөз әсерінің маңыздылығы, жақсы сөздер айту туралы әңгіме жүргізілді. Сабақтың соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Б.Абдуалиева сөз сөйлеп, келген ата-аналарға ыстық лебізін білдірді.

#біртұтастәрбие
#Жамбыл облысыМеркі ауданыТұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ

Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C2jibQIMW35/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив