18
октябрь
2023
«Отбасы – бақыт бесігі» атты семинар- тренинг өтті
Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен болатын. Осы орайда ағымдағы жылдың 18 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева және мектеп психологы А.Назаралиеваның ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасына сәйкес ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру мақсатында «Отбасы – бақыт бесігі» атты семинар- тренинг өтті. Онда алғашқы сөз мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлына беріліп, құттықтау сөз сөйлесе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Макенқызы жұмыс барысы және жоспарымен таныстырды. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жанынан «Даналық мектебі» де өз жұмысын бастады. Мұның аясында «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» сынды шаралар ұйымдастырылып, түрлі қауымдастық құрылды. Бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жоспарға сай өткізілетін болады. Сонымен қатар мектеп психологы А.Назаралиева ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалардың ата-аналарына арналған физикалық саламаттықты қамтамасыз ету бойынша ҰСЫНЫСТАР дайындап, слайдпен бейнеролик көрсету арқылы жұмыс жасаса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева ата-аналармен топтық жұмыстар жүргізе отырып, «Ақ орамал» бейнежазбасын тыңдатып, топпен шығармашылық жұмыстар атқарды. Семинар- тренингті қорытындылау мақсатында киелі шаңырағымыз киіз үйді шеңбер бойымен жүргізген ата-аналар шара барысында ыстық лебіздерін білдіріп, баршамызды алғысқа бөледі.









