«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша семинар өткізді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша семинар өткізді
15
сентябрь
2023

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша семинар өткізді

  2023 жылдың 15 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева 1-11 сынып жетекшілеріне «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша семинар өткізді. Семинарға 1-11 сынып жетекшілері қатысты. Семинар барысында Б.Абдуалиева 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары, сондай-ақ тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.Бағдарлама ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Сонымен қатар тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, сынып жетекшілерге тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа оқу жылындағы білім алушылардың мектеп формасын сынып жетекшілер тарапынан қадағалау, баланың мектепке қауіпсіз келіп-кетуі, ұялы телефондар мен тиым салынған заттар туралы да ескертілді.
Бұл семинарда мектеп психологы А.Назаралиева «Кәмелетке толмағандарды аутодеструктивті мінез-құлық бойынша «Тәуекел топқа» іріктеп алу өлшемдері(критерий) арқылы физиологиялық, әлеуметтік, оқу-педагогикалық, қылықтық өлшемдері бойынша 5-11 сыныпжетекшілері арасында диагностикалық жұмыс жүргізді және «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» жөніндегі 2023 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес аутодеструктивті мінез құлықтың түрлері мен сипаты туралы ақпараттар берді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив