19
февраль
2024
«Сіздің жолаушыңыз бала!»
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 19 ақпан күнгі №781 хаттың негізінде 2024 жылдың 19 ақпан мен 1 наурыз аралығында Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде «Сіздің жолаушыңыз бала!» тақырыбында ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың құқық- тәрбие орынбасарлары Б.Абдуалиева, А.Онланбекованың ұйымдастыруымен онкүндіктің ашылу жиыны өтті. Жиын барысында мектеп директоры- Н.Мырзаханов білім алушыларға онкүндіктің бұйрығы мен жоспары таныстырып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырды. Білім алушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту, жолда жүру ережелерін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру. Білім алушыларды жол ережесін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында Меркі аудандық жол патрульдік полиция қызметкерлері полиция капитаны Тыналиев Данияр және полиция аға лейтенанты Нұрғалиев Нұрдаулет және Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы- Т.Мухтармен кездесу барысында білім алушылар маңызды ақпараттар алып, «Қауіпсіз жол» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C3mLFk5NVE2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C3mLFk5NVE2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
