12
май
2023
Қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №695 хатының негізінде жоспарға сәйкес оқу жаттығулары өтті. Барлық қызметкерлер мен білім алушылар дабыл түймесінің дауысын естіген бойда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, оқу кабинеттерін тастап, сыртқа шықты. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Байбульдековтың тарапынан білім алушыларға нұсқаулық беріліп отырды. Дабыл түймесі басылғаннан кейін мектептегі білім алушылар мен педагогтар, кіші қызметкерлер 3 минут, 40 секунд ішінде толық қауіпсіз аймаққа шығарылды. Мектеп ішіндегі барлық адамдар сыртқа шыққаннан кейін, сынып жетекшілер тарапынан білім алушылар тізім бойынша тексеріліп, мектеп директоры Н.Мырзаханов қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұсыстарын жүргізді. Оқу жаттығуға Меркі АПБ-ң ЖПҚб УПИ-ның полиция капитаны А.Даулетов қатысты.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CsIfVDqAuT7/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CsIfVDqAuT7/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
