11
май
2023
«Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан білім алушылардың жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата – ананың, құқық қорғау орган қызметкерлерінің, әрбір педагогтың міндеті. Осы орайда ағымдағы жылдың 11 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы аясында Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны- Е.Оспанбеков, Меркі ӘПБ ЖТИТ мемлекеттік автоинспекторы, полиция капитаны- Н.Нұрғали және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен 7 сынып білім алушыларымен жолда жүру ережелері бойынша бүлдіршіндерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.