02
сентябрь
2021
1-9 қыркүйек аралығында Жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша «Абайлаңыз-балалар!» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шаралар
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылының 1-9 қыркүйек аралығында Жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша «Абайлаңыз-балалар!» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалып, №79 бұйрығымен бекітілді. Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, балалар мен жасөспірімдердің қыс мезгілінде өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде 2 қыркүйек күні жол-көлік автоинспекторлары- полиция капитаны Д. М. Тналиев, аға лейтенант- Н.Н.Нұрғалиннің, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.М.Абдуалиева, әскери жетекші- Н.С.Байбульдековтың қатысуымен іс-шараның салтанатты ашылуы өтті. Бұл жиында жол-көлік оқиғаларына байланыс¬ты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жататынын айтып, алдын алу шараларын үйретті. Белгіленген ережені сақтамау, әсіресе мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті. Сондықтан көшелерде жолда жүру кезінде жол ережесін сақтап жүру, мектепке немесе үйге барар жолда оқушыларға көлік қарқынды қозғалып жатырған жолдардан өтпеу, жол ережесін бұзбау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Орындған: Абдуалиева Б.М.


Орындған: Абдуалиева Б.М.


