23
январь
2024
“Есептер шығару” тақырыбында ашық сабақ өткізді
“Білім негізі - бастауышта” деп аталатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қаңтарында 1 ”Ә” сынып мұғалімі Халмұратова Г. математика пәнінен “Есептер шығару” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында балалар “Касса” ойынын ойнау арқылы балалар билет алып, үш топқа бөлінді. “Сөмке” әдісі арқылы берілген сандардың ішінен жоғалған санды тауып, сол санға тиесілі сұраққа жауап беру арқылы өткенді пысықтады. “Джигсо” әдісі бойынша топтық жұмыста есептер шығарды. “Тәтті бәліш” әдісі арқылы өзіндік жұмыста қосындыға және айырмаға өрнектер жазып, мәнін тапты. “Сұрақ - жауап” әдісі бойынша сабақты қорытындылады. Әр тапсырмадан соң мұғалім балаларды ынталандыру мақсатында тиындар таратып отырды. Сабақ мақсатына жетті. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады.









