09
январь
2024
Бастауыш сыныптар арасындағы айлықтың ашылу салтанаты өткізілді
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан – дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы қадамы – бастауыш мектеп. Осы тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының танымдылық белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал жасау, бастауыш сынып оқушыларының ынтасы мен танымдық қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері мен формаларын көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні «Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ» тақырыбында бастауыш сыныптар арасындағы айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында бастауыш сынып бүлдіршіндері би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Мұғалімдер арасында «Әріптер сыры» деп аталатын тренинг – ойын жүргізілді. Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Медетова Г.Е. айлықтың жоспарымен таныстырып, онда ашық сабақтар, конкурстар, жарыстар, сыныптан тыс іс-шаралардың өткізілетіндігін хабарлады. Ашылу салтанатының соңында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. бастауыш сынып мұғалімдерін айлықтың ашылуымен құттықтап, алда болатын іс – шаралардың табысты өтуіне сәттілік тіледі.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C14ogoss91k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C14ogoss91k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
