24
январь
2023
«Информатика - ақпараттар ғылымы» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өткізілді
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 24-і күні мектебімізде информатика пәнінен «Информатика - ақпараттар ғылымы» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Бұл айлықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – білім алушылар информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Ашылу салтанатына 1-11 сынып білім алушылары қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Іс-шара барысында білім алушылар компьютердің шығу тарихымен таныстырып, өлеңдер оқыды, ән айтып және би биледі. Сондай ақ білім алушылар жоба жұмыстарымен таныстырып, роботтар арасында арқан тартыс ойыны тамашаланды. Сонымен қатар мұғалімдерге «Kundelik.kz» электрондық журналына қатысты QR код арқылы сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Іс-шара соңында білім алушыларға сыйлықтар беріліп, жоспар бойынша өтілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шаралар кестесі таныстырылды.
Физика, информатика ӘБ жетекшісі: Нурмашова Р.Р.
Физика, информатика ӘБ жетекшісі: Нурмашова Р.Р.
