02
ноябрь
2022
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында №2 ӘБ отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 2 қарашасында бастауыш сынып мұғалімдері арасында №2 ӘБ отырысы өткізілді. Отырыс барысында 1- тоқсан бойынша 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасы қорытындысымен бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Медетова Г. И таныстырды. 1 тоқсандағы алынған БЖБ, ТЖБ жұмыстарының анализі мен модерация жұмыстары талқыланды. Бастауыш сынып мұғалімі Медетова Г.И “Сабақтағы кері байланыс” тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке мектепалды даярлық тобының мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері толық қатысты. Коучинг барысында мұғалімдер өз тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
