16
апрель
2021
Көктемгі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары
Меркі ауданының білім бөлімінің 16.04.2021 жылғы #414 шығыс хатына сәйкес және көктемгі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде 17.04.2021 жылы сенбілік өткізілді. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мектеп директоры Н.Мырзахановтың жетекшілігімен өткізіліп, бірқатар ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Жалпы, көктемгі көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде Ақ қайың 35, шырша 10, арша (можевельник) 5, раушан гүлі 70, жеміс-жидектер 50 түп егілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


















