2021 жылдың сәуір айында өткен жиналыстың анықтамасы
2021 жылдың 12 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі арасында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы зор екендігін түсіндіру жұмыстары Zoom платформасы арқылы жүргізілді.Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Абдуалиева пандемия кезінде дәрумендері мол тағамдарды мейлінше көп жеген, спортпен шұғылданған дені сау оқушылардың оқуға деген ынтасының артатынын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар оқушылардың бос уақыттарын үнемді жұмсау мақсатында мектептегі өткізіліп жатқан үйірме жұмыстарына оқушыларды пайдасының жеткілікті екенін айтып өтті. Әлеуметтік педагог Ж.Тоқтарова «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» тақырыбында баяндама жасады.