12
апрель
2021
"Ғарыш қырандары" тақырыбында эссе байқауы
Мектебімізде 09.04.2021ж. күні "12 сәуір-Ғарышкерлер күніне" орай 6-11-сынып оқушылары арасында "Ғарыш қырандары" тақырыбында эссе байқауы болып өтті.Жазба жұмысында оқушылар ғарыш кеңістігі, космосты игеруге атсалысқан ғалымдар еңбегі жайлы өзіндік пікір білдірді. Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкерлері-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтердің ерен еңбектері туралы ойларын ортаға сала отырып, ғарышты игеруде жас жеткіншек ретінде болашаққа бағдар жасады.Елдің дамуы жолында аспан әлемінің мүмкіндіктеріне тек сапалы білім алудың жол ашатынын анықтап жаза білген.Ой тереңдігі мен пікір, дәлелдерін нақты жеткізе білген "үздік жұмыстар" мектеп әкімшілігінің алғысына бөленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Бейсебаева Ф.И.









Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Бейсебаева Ф.И.









