03
июнь
2023
Облыстық онлайн семинары өтті
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының іс- шаралар жоспарына сәйкес«РISA халықаралық зерттеуі аясында ғылыми - жаратылыстану бағыты бойынша тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинары өтті. Семинарға облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Ш. М. Жамалбекова қатысып, Республика көлемінде РISA халықаралық зерттеуіне қатысқан облыс мектептерінің нәтижесі туралы мәліметтерімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамыткеримова Эльмира Тынышбековна облыстық онлайн семинарына қатысып «PISA зерттеуі бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары» тақырыбында әріптестермен тәжірибе алмасып, өзінің дайындаған баяндамасымен бөлісті. Білім беру ұйымдарының педагогтері жаратылыстану бағыты бойынша ғылыми сауаттылықтың ерекшеліктеріне тоқталып, эксперименттік, шығармашылық зерттеу тапсырмаларымен, тәжірибелерімен бөліссе, ал, оқу сауаттылығын дамытуда қатысушылар мәтіндегі негізгі және қосымша, нақты ақпараттарды табуда жағдаяттық тапсырмаларды орындау ерекшеліктеріне тоқталды. Мәтін, жағдаят және аспект оқу сауаттылығын бағалаудың негізгі өлшемінде құрастырылған сыни ойлау тапсырмаларын құрастырып, Нәтижесінде озық тәжірибесімен бөліскені үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Әріптесіміз Эльмира Тынышбековнаға еңбегіңе табыс және шығармашылығың шыңдай берсін.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CtA8FwUtJKT/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CtA8FwUtJKT/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
