11
май
2023
«Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
5-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде ағымдағы жылдың 11 мамыр күні ата-аналарға «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Кез-келген сұрақтары бойынша мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы ата аналарға жауап беріп, ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген ата- аналарға алғыс білдіріліп, мерекелік концерттік бағдарлама көрсетілді. Аналар, әкелер құрметіне әндер шырқалып, бишілеріміз өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналарымыз білім алушыларға алғыстарын білдіріп, өнерпаздарымызға ізгі тілектерін білдірді.









