02
май
2023
«Ұлы жеңіс жаңғырығы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Білім алушыларды Жеңіс күнімен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 2 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сыныбының білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұлы жеңіс жаңғырығы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Шарада мектеп директоры- Н.Мырзаханов ізгі тілек білдіріп, балаларға патриоттық рух беріп, құттықтады. Барлық оқушылар мерекелік концертке патриоттық әндер айтып, билер биледі. Мектебіміздің талантты ұлдары- Қазақбай Ерасыл, Пернебай Бекарыс, Жаңабай Нұрым патриоттық әндер шырқады.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CrvH66QsDbF/?utm_source=ig_web_copy_link
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CrvH66QsDbF/?utm_source=ig_web_copy_link
