5 мамыр күні мектебімізде «Ер есімі, ел есінде!» атты іс-шара өткізілді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 мамыр күні мектебімізде «Ер есімі, ел есінде!» атты іс-шара өткізілді
05
май
2022

5 мамыр күні мектебімізде «Ер есімі, ел есінде!» атты іс-шара өткізілді

   Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің ата-әжелеріміздің ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпағы үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Осы орайда білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай 5 мамыр күні мектебімізде «Ер есімі, ел есінде!» атты Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы қызметкерлері аға лейтенант Мұсабаев Диас Әуезұлы, Амантай Марлен және жоғары сынып оқушыларымен бірлескен кездесу өтті. Кездесу барысында шекара қызметкерлері мектеп оқушыларымен өз қызметтерінің қыр-сырларымен бөлісіп, дала жиынында ел шекарасын қорғаумен Қазақстан Республикасының азаматтарына лайықты, өз отанына адал еңбек етіп жүрген тұлға екендіктерін көрсете білді. Отанын сыртқы қауіптен қорғау, ел тыныштығына іштен іріткі салушылардан сақтау қай елдің болса да басты бағыттарының бірі болып табылатындығын кездесу барысында сезіне білген оқушылар кеш қонақтарына арнап патриоттық әндер шырқап, шекара қызметкерлеріне өз көкейлерінде жүрген сан-сауалдарын қойды. Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу. Кездесу соңында мектеп директоры- Нұрдаулет Мырзаханов келген қонақтарға жылы лебізімен жүрекжарды тілегін айтып, алғысын білдірді.

Орындаған: ДТЖО- Абдуалиева Б.М.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив