10
февраль
2022
«Сүйіспеншілік- өмір негізі» тақырыбында рухани әңгіме жүргізілді
Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұры, әрі ең басты қуат көзі. Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, өз өміріне сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
Жалпы адамзаттың мәңгілік құндылықтары біртұтас, өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның рухани байлығы мен мәдениетінің негізін құрайды. Осы орайда 2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында жастарға сүйіспеншілікті танытып, оны құрмет тұтуға баулу арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу, жастарға риясыз сүйіспеншілік туралы түсінік бере отырып, өмірді жақсы көруге, мейрімділікке, ізгілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм өзін- өзі тану пәні мұғалімі- Абдуалиева Бекзат Макеновна 11 сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілік- өмір негізі» тақырыбында өмірге деген белсенділікті арттыру үшін бейнефильмдер көрсетіп, рухани әңгіме жүргізді.
Шара барысында жастармен сұрақ-жауап тәсілі бойынша жұмыстар жүргізіліп, өмірге мотивация беру, құштарлықтарын ояту үшін жастар назарына қысқаметражды бейнероликтер ұсынылды.
Сүйіспеншілік түсінік туралы Ұлы данышпан Абай атамыз «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» дегендей, адамның өзгелерге деген қатынасының бастауы. Оларды жақсы көруден, сыйлаудан және оларға деген сүйіспеншіліктен басталады.