26
апрель
2023
«Қазақстан- достық мекені» атты 5-7 сыныптар арасында достық фестивалі өтті.
1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні «Қазақстан- достық мекені» атты 5-7 сыныптар арасында достық фестивалі өтті. Фестивальде бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігін, өнері мен дәстүрін дәріптеп, мереке ән мен биге ұласты. Сонымен қатар мерекелік шараға Ойтал ауылдық округінің кітапханашысы- Айтжанова Р, Ойтал ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы- Курамаева Г және мектеп әкімшілігі қатысты.













