23
февраль
2023
"Шамалар" тақырыбында ашық сабақ өткізді
2023 жылдың 23 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 “Ә” сынып мұғалімі Турениязова З. математика пәнінен "Шамалар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сынып іші сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктермен жабдықталған. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақта топтық, өзіндік, жұптық жұмыстар жүргізілді. Әр тапсырмадан соң бағдаршам түстері, смайликтер, басбармақ әдістерімен білім алушылар бағаланып отырды. Мұғалім сабақ барысында белсенді әдіс - тәсілдерді қолданды, атап айтқанда "Кім жылдам?", “Ребустар", " Жасырынған сөз", "Сәйкестендіру, " "Гир тасы" әдістері арқылы тапсырмалар орындатылды. Сабақ құрылымы сақталды. Уақытты тиімді пайдаланды.

