25
декабрь
2022
"Қош келдің, Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман" атты жаңа жылдық шыршасы өтті
25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы президентінің атынан "Қош келдің, Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман" атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Бұл мерекелік іс-шараға аз қамтылған, көпбалалы әрі жартылай жетім отбасынан шыққан 6-шы сынып білім алушысы қатысты. Қатысушы балаларға арнап, тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырылып, мерекелік іс-шарадан керемет көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Балаларға тәттілер салынған дорба мен 100000 теңге көлемінде қаржылай сертификат сыйға берілді.









