29
декабрь
2022
5-8 сынып білім алушыларының жаңа жылдық кеші өтті.
28 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында 5-8 сынып білім алушыларының жаңа жылдық кеші өтті. Бұл іс-шарада балалар ойын ойнап, би билеп шат шадыман болды. Қызыққа, сиқырға толы кеш барша қатысушыларға ұнады. Осы әдемі сәтті пайдаланып, барша Қазақ Елінің азаматтарын келе жатқан жаңа 2023 жылмен шын жүректен мектеп директоры- Нұрдаулет Талантұлы құттықтап, ізгі ниет білдірді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CmxyWk3pR0-/?utm_source=ig_web_copy_link
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CmxyWk3pR0-/?utm_source=ig_web_copy_link
