26
декабрь
2022
"Ғажайыпқа толы жаңа жыл" атты мерекелік іс-шара өтті
Жамбыл облысы әкімінің атынан Тараз қаласында 26 желтоқсан күні "Ғажайыпқа толы жаңа жыл" атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған мерекеге мектебімізден аз қамтылған,. жартылай жетім категориясы бойынша тізімге алынған 4-ші сынып білім алушысы қатысты. Жаңа жыл қарсаңында Тараз қаласындағы тарихи орындарға экскурсия өткізіліп, балаларға арналған концерттік бағдарламаға қатысып, тәттілер салынған дорба мен 60000теңге көлемінде қаржылай сертификатқа ие болды.





