10
ноябрь
2022
Назарбаев университетінен арнайы келген мамандар кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша ақпараттарымен таныстырды
Ағымдағы жылдың 10-шы қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларымен Астана қаласында орналасқан Назарбаев университетінен арнайы келген мамандар кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша ақпараттарымен таныстырды. Атап айтқанда, Омарбеков Нурхан - студенттерді оқуға тартуды басқару офисінің басшысы және Сабырбекова Айжан - студенттерді оқуға кабылдау департаментінің маманы оқушыларға Назарбаев Университетіне оқуға түсу мүмкіндіктері, ағымдағы жылдағы бөлінген грант саны мен ондағы жеңілдіктер туралы тың мәліметтер берді. Сондай-ак, Назарбаев Университетi бiлiм алушыларының оқушыларға жолдаған арнайы бейнеролигі көрсетілді.Онда олар білім ордасының тыныс тіршілігі, сабақ барысы және қызықты студенттік сәттермен таныстыра кетті.
«Жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндай басқосуда тәжірибелі мамандардың кеңесі артық болмайды» деп өз пікірлерімен бөлісті. Жастарды болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға бағытталған шарада өңірді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар да еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат берді.
– Мамандықты дұрыс таңдау – болашақтың алғашқы баспалдағы.
Кездесуге қатысқан оқушылар көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарға жауап алды. Кездесу барысында оқушылар қоржыны тиімді әрі сапалы ақпараттармен толықты. Мұндай іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.