Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!
Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні мектебімізде «Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!» атты 1-11 сыныптар арасында Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мереке жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың