09
September
2022
«Бір сәби – бір ағаш» акциясы өтті.
Мектеп ауласын жасыл желекке айналдыру, өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Жер Ананы аялауға шақыру, патриотизмді нығайту, отбасылық ұйымшылдықты нығайту мақсатында мектебімізде 9 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған 1 сынып білім алушылары мен ата-аналар арасында «Бір сәби – бір ағаш» акциясы өтті. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – 1-сыныпқа қадам басқан баллардың «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ізгі ниет білдіру және Мемлекет Басшысының «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз. Мен мұны үлкен іс деп санаймын. Барша қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуға шақырамын» деген тапсырмасын орындау. Ағаш отырғызу акциясына ата-аналар мен 1 сынып оқушылары қатысып, әр түрлі жеміс ағаштардан 50 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов қатысушыларды отбасы күнімен құттықтап, әр баланың ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін деген жылы лебізін білдірді.













