09
September
2022
«Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл Жабаев-100 жасаған ақын, «Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатының ұйымдастырушылары жыр алыбы Жамбылдың шығармаларындағы өзінің туған қазақ халқына тән кең пейілділік пен дархандықтың, адалдық пен адамгершіліктің, қайырымдылық пен қайсарлықтың, ынтымақ пен бірліктің, ауызекі дес бермейтін шешендік пен ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың, алғырлық пен тапқырлықтың құдіретін жастарға дәріптеуді мақсат тұтты.

