“Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы” тақырыбында сынып жетекшілер семинары өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » “Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы” тақырыбында сынып жетекшілер семинары өтті
14
May
2024

“Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы” тақырыбында сынып жетекшілер семинары өтті

  Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні “Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы” тақырыбында сынып жетекшілер семинары өтті. Семинарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева жүргізіп, сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы сынып жетекшілерге бағыт -бағдар берді. Алғашқы сөзді мектеп директоры- Н.Мырзаханов алып, қазіргі таңдағы бала қауіпсіздігі туралы тоқталып, оқу жылының аяқталуы туралы, оқушылардың оқулықтарын тапсыру, жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы және жазғы мезгілдегі «Бала қауіпсіздігі» мәселелеріне тоқталды. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- А.Онланбекова және мектеп инспекторы- Т.Мұхтар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын орындау мақсатында атқарылатын іс-шараның қоғам үшін, ата-аналар мен білім алушы жасөспірімдер үшін маңызды екендігін айтты. Семинар соңында сынып жетекшілерге “Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы” таратылып, тәжірибелі сынып жетекшілер ақыл-кеңестерін ортаға салды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив