21
January
2022
«ZOOM» платформасы арқылы жалпы ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 21 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «ZOOM» платформасы арқылы жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы-121 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы оқушылардың білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері туралы, ІІІ тоқсандағы оқу процесін ұйымдастыру туралы, бірінші жартыжылдықтағы оқушылардың жетістіктері, оқушыларды парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу туралы, ІІІ тоқсандағы аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасының тиімділігі және ата-ана бақылауы туралы мәселелер қарастырылды. Кіріспе сөзді мектеп директоры Н.Т.Мырзаханов, ата-аналарды ағымдағы оқу жылының 1 жартыжылдығының аяқталуымен құттықтады. Ата-аналар назарына бірінші жартыжылдықтағы оқушылардың үлгерім сапасының есебі ұсынылды.Сонымен қатар 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасының тиімділігі туралы мәселелер қарастырылды.
Мектептегі ІІІ тоқсандағы оқу процесін ұйымдастыру туралы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Демесинова таныстырып өтті.
ҚР-сы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598
бұйрығының 3-параграф 107 тармақшасы негізінде бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Утегенова есеп берді. Сонымен қатар бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналып отырған «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлықтың қаупіне қарсы тұрудың өзектілігі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева баяндама жасады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы анықтамаға терең тоқталды. Мектеп психологы А.Назаралиева: «Бала зорлығы-қоғам қасіреті» атты баяндамасында оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда осы мәселеге тоқталды.