02
April
2021
ІV тоқсан бойынша ыстық тамақты ұйымдастыру
Ағымдағы жылдың 31наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы 20 жоббм жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы ZOOM арқылы өтті. Жиналысты мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы ашып, ата-аналарды жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.lV тоқсанда мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастыруымен ДОІЖО К.І.Утегенова таныстырды.2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46-қосымшасын қатаң басшылыққа ала отырып, асхана жұмысын ұйымдастырып,берілген талаптарды қатаң сақтауды ескертті.Мектеп бойынша АӘК алатын,қамқорлыққа алынған 88 отбасы, 191 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жиналыс соңында мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, жылы лебіз білдірді.


