“Мен үздікпін” зияткерлік сайысы өткізілді. » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » “Мен үздікпін” зияткерлік сайысы өткізілді.
22
февраль
2024

“Мен үздікпін” зияткерлік сайысы өткізілді.

  Жылдық жоспарға сәйкес дарынды білім алушыларға қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш 2-3 сыныптар арасында дарынды білім алушылармен “Мен үздікпін” зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс “Дода”, “Тұлғаны тани біл”, “Сандар сыры”, “Мен зерттеушімін” бөлімлерінен тұрды. “Дода” бөлімінде әр топ барабанда берілген сұрақтарға жауар беру арқылы ұпай сандарын жинап отырды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан берілді. “Тұлғаны тани біл” бөлімінде “Сократив” платформасы арқылы суреттегі әйгілі тұлғалар туралы не білетіндіктерін тапсырмада орындады. “Сандар сыры” бөлімінде берілген сандарға сәйкес келетін мереке атауларын тапты. Бұл бөлімде де әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріліп отырды. Соңғы  “Мен зерттеушімін” бөлімінде әр топқа әр түрлі зерттеу жұмыстары берілді. 1-топ берілген заттардың қалай өзара әрекеттесетінін зерттесе,  ал 2- топ ауаның жануды қолдайтын қасиетін анықтау үшін тәжірибе жасады. 3 - топ атмосфералық қысымның бар - жоқтығын дәлелдеу үшін тәжірибе жасады. Сайыс соңында әділ- қазы алқалары ұпай сандарын санап, директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К. И. балаларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша “Жігер” тобы 1- орын, “Жалын” тобы 2- орын және “Сұңқар” тобы 3-орын иеленді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив