26
January
2024
“Еңбектің пайдасы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы жане 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Тұрар Рыскұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 “Б” сынып мұғалімі Ошақбаева А. әдебиеттік оқу пәнінен “Еңбектің пайдасы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қазақтың ұлттық аспаптары бойынша балалар үш топқа бөлінді. “Көңілді шарлар” әдісі бойынша houseтапсырмасы тексерілді. “Оюлар” әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы балалар мұғалімнің көмегімен жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтады. Мұғалім еңбек құралдарымен таныстырып, соған сәйкес дыбыстарын естіртті. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндірді. Жеке жұмыста “Wordwоll” әдісі бойынша балалар ұяшықтағы берілген сұрақтарға жауап берді. “Киіз үй” әдісі бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылды. “Шаңырақ” әдісі бойынша 3 топқа әр түрлі тапсырмалар ұсынылды. “Текемет” әдісі арқылы сабақ қорытылды. Рефлексия “Киіз үй” әдісі арқылы ұйымдастырылды. Әр тапсырмадан соң балалар бағаланып отырды. Сабақ барысында әр оқушыға назар аударылды. Тапсырмалар оқу мақсатына сай құрылған.







