“Омоним, антоним, синоним туралы не білдім?” тақырыбында ашық сабақ өткізді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » “Омоним, антоним, синоним туралы не білдім?” тақырыбында ашық сабақ өткізді
16
January
2024

“Омоним, антоним, синоним туралы не білдім?” тақырыбында ашық сабақ өткізді

   Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 “А” сынып мұғалімі Нармағанбетова Ж. қазақ тілі пәнінен “Омоним, антоним, синоним туралы не білдім?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында “Фонарик” әдісі арқылы оқушылар “Омоним. Антоним. Синоним” болып үш топқа бөлінді. Балаларға бағалау парағы таратылды. “Мюсенберг” әдісі арқылы балалар тақтадағы берілген сөздердің ішінен мағыналы сөздерді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты, осы сөздер туралы білетіндерімен бөлісті. Жеке жұмыс “СMarchфон” әдісі арқылы ұйымдастырылып, балалар сMarchфондағы берілген тапсырмаларды орындады. Тапсырмадан соң қасындағы отырған жұбымен үлестірмелі қима қағаздарын алмастырып, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалады. “Макбук” әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырылды, балалар жұптасып, антоним сөздерді бірдей түстермен бояды. Топтық жұмыста “Аквариум” әдісі бойынша 1-топ антоним сөздерді, 2- топ синоним сөздерді, 3-топ омоним сөздерді аквариумға жабыстырды. Тапсырмадан соң топтар бір- бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалады. “Арқан тартыс” әдісі бойынша тақтаға екі баладан шығып, берілген ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы өтілген сабақты қорытындылады. Кім көп сұраққа жауап берсе, сол бала жеңімпаз болды. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Әр тапсырмадан соң мұғалім балаларды бағалады және балалар “Домбыра” әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырды. Сабақ мақсатқа сай құрылған, жоғары дәрежеде өтілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив