Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті. » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті.
04
January
2024

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті.

  Мектебімізде 2024 жылдың 04 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы болып өтті. Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Пән мұғалімдері Амреева А., Мамыткеримова Э. «Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер», «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа контенттер» тақырыптарында әріптестері арасында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Келесі 2-мәселе бойынша ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. ІІ тоқсан бойынша 5-11-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мен үлгерімінің қорытындысы, БЖБ, ТЖБ, диктант, эссе, мазмұндама, шығарма жұмыстарының орындалу қорытындысына тоқталды.
3-мәселеде пән мұғалімдері Бейсебаева Ф., Амреева А., Мамыткеримова Э. ІІ тоқсан бойынша 11-сынып бітірушілерін ана тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға дайындық барысының есебін талқылады. ІІ тоқсан бойынша 9-сынып бітірушілерін ана тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға және 9-сынып білім алушыларының ББЖМ дайындық барысының есебін пән мұғалімдері Демесінова С., Аманбаева С., Мамраимова Д., Карибаева Г.,Мамраимова Д. нақты деректермен келтірді. Күн тәртібінің 4,5,6,7-мәселелерінде 5,10-сыныптардың оқытылу жағдайының қорытындысы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс қорытындысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пәндер олимпиадасының І мектепшілік, ІІ аудандық кезеңінің қорытындысы, дәстүрлі байқаулардың қорытындысы тыңдалды. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қорыта келе, ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. алдағы уақыттарда жұмысты жетілдіру және жандандыру мақсатында жоспарлы іс-шараларды сапалы өткізуге ұсыныстар беріп өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив