01
November
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезекті ІІ отырысы болып өтті
Мектебімізде 2023 жылдың 01 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ кезекті ІІ отырысы болып өтті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Бірінші мәселеде пән мұғалімдері Аманбаева С.О. «Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау», Ахилбаева Д. «Рефлексия – білім сапасының негізі» тақырыптарында әріптестері арасында тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Екінші мәселе бойынша ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. І тоқсан бойынша 5-11-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мен үлгерімінің қорытындысын, БЖБ, ТЖБ, (диктант, эссе, мазмұндама, шығарма) жұмыстарының орындалу қорытындысын талдады. Үшінші мәселеде 9,11-сынып бітірушілерін ана тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханға және ББЖМ, «Мектептерге арналған PISA зерттеуілерінің» дайындығы сөз болды. Күн тәртібінің төртінші мәселесінде дәстүрлі байқаулардың қорытындысы талданды: І тоқсанда оқушылар жетістігі бойынша 2 республикалық, 1 облыстық, 6 аудандық нәтижеге қол жеткізілген. Бесінші мәселеде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің айлық іс-шарасының жүргізіліп жатқандығы, жоспарлы іс-шаралардың өтілуі, сапасы мен қорытындысы талданды.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ Бейсебаева Ф.И.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ Бейсебаева Ф.И.
