«Бұрымды қыз-2023» байқауы өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » «Бұрымды қыз-2023» байқауы өтті
01
December
2023

«Бұрымды қыз-2023» байқауы өтті

 Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын... деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес
«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашан да гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді.
Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-7 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз-2023» байқауы өтті. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар шаш ұзындығы, қалыңдығы, күтімі бойынша және сәнді өрімдер бойынша жарысты. Байқау нәтижесінде, 7 сыныптар арасынан 7 «А» сынып оқушысы- Жолдыбай С «Бас жүлде», 7 «Ә» Олжабай Р-Іорын, 7 «Г» Әсем К-ІІ орын, 7 «Б» Абдували М- ІІІ орындарды иеленсе, 6 «Б» сыныптары арасында Сәтжан А «Бас жүлде», 6 «А» Орынбек А-І орын, 6 «В» Нажмаддин А, 6 «Г» Докучаева Д- ІІ орын, 6 «Д» Дик В-ІІІ орындарға ие болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив