25
September
2023
Мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек 8-11 сынып қыз балаларымен мектеп директоры Н.Т.Мырзахановтың, ДТЖО Б.М.Абдуалиева, ДҚТЖО А.Б.Оңланбекова, мектеп психологы А.Т.Назаралиеваның қатысуымен мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу сонымен қатар,әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға баулу , әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде гигиена, мектеп формасын сақтау, тойхана кафелерде жұмыс істемеу және туған күн, сауық кештерін ұйымдастырмау, кешкі уақытта көшеде жүрмеу, ерте жүктіліктің , жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мәселелері қаралды.
