02
March
2023
«Көктем аруы-2023» байқауы өтті
Меркі аудандық білім бөлімінің «8-наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай іс-шаралар жоспарынаа сәйкес, ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-4 сынып білім алушылары арасында қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында «Көктем аруы-2023» байқауы өтті. Байқауда қазақ қыздары «Әдеп- ғұрып» жобасы аясында өзін-өзі таныстыру, ұлттық киімді киіп, сахнада жүру, сахналық көрініс сияқты кезеңдер бойынша өнер көрсетті. Байқау соңында қатысушы сыныптар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

