03
March
2023
8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұжыммен жиналыс
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8 бабы 2 тармағына сәйкес Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББ мектебінде ағымдағы жылдың 3 наурыз күні 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп директоры Н. Мырзаханов педагогикалық ұжыммен жиналыс жасады. Онда мереке күндеріне орай ақша жинау және сынып жетекшілері білім алушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерден) мерекелік іс-шаралар өткізуге қаражат жинауға жол берілмеу туралы айтты. Жиналыста педұжыммен ақша қаражатын жинамау мәселесі қаралып, барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Онда мектебімізде ақша қаражатын жинауға жол бермеу туралы 2022 жылдың 26 қыркүйек күні шығарылған №170 бұйрық туралы педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) таныстыру мәселелері қаралды.

