27
October
2023
«Бала денсаулығына құрамында алкоголі бар сусындар қалай әсер етеді»
2023-2024 оқу жылында мектеп медбикесінің жылдық жоспарына сәйкес СӨСҚО дәрігері Адешева Х.Ж., әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің ОДО-2 психолог маманы Омарова Ж.Т. ,мектеп медбикесі Мамедова А., директордың құқықтық ісі жөніндегі орныбасары Оңланбекова А. қатысуымен 8 "А" сынып жетекшісі Мамбетниязова М.К. «Бала денсаулығына құрамында алкоголі бар сусындар қалай әсер етеді» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ мақсаты: Schoolchildren өмір сүре білудің мәнін ұғындыру; зиянды әрекеттерді түсіндіре отырып, жаман әдеттен жиреніп, жақсыны үйрене білуге дағдыландыру. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды, сурет бойынша білім алушылар өз ойларын жеткізе білді, қонақтарға сұрақтар қойып, жауап алды, дәрігер кеңесін тыңдады, психологпен сергіту сәтін жасады, тәжірибе жасап, осылайша көптеген пайдалы ақпараттар алып, өз білімдерін толықтырды.







